Жауған қардың қалыңдығы 12 см-ге дейін жеткен
Алматы облысына қарасты тас жолды қар басып қалды. Көліктердің қарға тығылған сәті түсірілген видеороликтер әлеуметтік желіде таралуда.
Видеокадрлардан қарға тығылған көліктерді адамдардың итеріп шығарып жатқанын аңғаруға болады. «Қазгидромет» синоптиктері 2 қазанда облыстың кей аймағында қар қалыңдығы 12 см-ге дейін жеткенін мәлімдеді. Алайда, артынша күн шығып, жауған қар түгел еріп кеткен.
Синоптиктер алдағы үш күнде облыстың таулы аудандарында қар жауып, тұман түсетінін болжап отыр. Ал, 6 қазанда суық ауа райы Алматы қаласына келеді.