Екпе алғандар саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 7,6 млн-нан асты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
2021 жылғы 1 қазандағы мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 7 654 566 адам вакцина салдырды, II компонентпен 6 593 598 адам.
Өңірлер арасынан екпе алғандар саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр. Мегаполисте 950 мыңнан астам адам вакцинациядан өткен.