Нұротандықтар Алматыдағы жедел жәрдем қызметі жүргізушілерінің шағымдарын қарады

Автор: Azattyq Rýhy

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес пен Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі өңірлік кеңестің бірлескен отырысы өтті

Фото: ашық дереккөзден

Нұротандықтар Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем қызметі жүргізушілерінің шағымдарын қарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес пен Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі өңірлік кеңестің бірлескен отырысында Алматы қаласы Жедел медициналық жәрдем қызметінің басшылығы тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықбұзушылыққа және қысымға қатысты жүргізушілердің шағымдары қаралды.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының және жедел медициналық көмек қызметінің басшылығы аталған шағым туралы баяндады.

Отырыс қорытындысы бойынша Кеңес мүшелері осы жылдың 1 қазанына дейін Алматы қалалық партия филиалына әзірленген ұсыныстардың орындалуы туралы ақпарат, соның ішінде ЖМКС қызметкерлерінің анықталған заңбұзушылықтары бойынша статистика, қызметкерлердің өтініштері бойынша жергілікті атқарушы органдардың бұрын жүргізген тексерулері бойынша ақпарат алу мерзімін берді. Сондай-ақ ЖМЖС станциясының материалдық техникалық жабдықталуы туралы толық ақпарат беруі тиіс.

Бұған дейін арнайы құрылған жұмыс тобы жүргізушілермен және жедел медициналық жәрдем қызметінің басшылығымен тікелей кездесу өткізіп, жүргізушілердің жұмыс барысымен танысты. ЖМКС директорының дәлелдері, жүргізушілердің талаптары мен сарапшылардың қорытындылары тыңдалды, оның қорытындысы бойынша жүргізушілерге заңнама шеңберінде түсініктемелер және ЖМКС тиісті ұсынымдары берілді.