Дәрігерлер тағы 9 адамның жағдайын «орташа ауыр» деп бағалап отыр
Апат кезінде жарақат алған сегіз жолаушы ауыр халде жатыр. Тағы 9 адамның жағдайын дәрігерлер «орташа ауыр» деп бағалап отыр, Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Өкініштісі, жарақат алғандардың арасында балалар да бар. Алматыдағы №4 клиникалық ауруханаға ұшақ апатынан зардап шеккен 19 жолаушы жеткізілді. Өкінішке орай, олардың екеуі ауруханада көз жұмды.
«Таңғы сағат 8:00-ден бастап жедел жәрдеммен 19 науқас жеткізілді. Оның 11-і реанимация бөлімшесіне жатқызылды. Екі науқас мерт болды. Қалған 6 адамға операция жасалып, қазір бөлімшелерге жеткізілді», - дейді №4 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігерінің міндетін орындаушы.
Ал, қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына таңғы сағат 9:00-ден кейін жедел жәрдеммен 12 жолаушы жеткізілген. Олардың біреуі жансақтау бөлімінде жатса, енді біріне операция жасалуда. Қалғандарының халі орташа. Негізгі жарақаттар аяқ-қол сүйектерінің сынуы, аяқ-қол сүйектерінің, буындарының соғылуы, бас ми жарақаты, бас ми шайқалуы, барлық науқастарға, туыстарына психологиялық көмектер көрсеілді. Көбіне 20-30 аралығындағы жас адамдар, оның ішінде 5 әйел адам, 7 ер адам. Апаттан зардап шеккендерге көмек болу үшін қала тұрғындары мен қонақтары өз еріктерімен келіп қан тапсырды. .