Елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 42 адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі таңда ауырып жатқан 218 науқастың жағдайы өте ауыр

Фото: ашық дереккөзден

26 қыркүйекте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 42 адам көз жұмды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Оның 35-і КВИ инфекциясынан, 7-еуі пневмониядан қайтыс болған.

28 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 62 662 адам коронавирус инфекциясынан (–53 945 + және 8 717 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 10 849 пациент стационарда, 51 813 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 868 адамның жағдайы ауыр,
  • 218 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 139 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.