Ғарышкер Айдын Айымбетов жаңа лауазымға тағайындалды
Айдын Айымбетов – ұшқыш-ғарышкер,
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен Айдын Айымбетов компанияның басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарланды.
Айдын Ақанұлы көп жылдар бойы аэроғарыш саласында жұмыс істеуде. Жұмыс өтілі 28 жыл.
ҚР Әскери-әуе күштері қатарында ұшқыш-жауынгер және әуе командирі ретінде қызмет атқарды. 2015 жылғы қыркүйекте «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесінің бортинженері ретінде Халықаралық ғарыш станциясына ұшты.
Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік және мемлекеттік секторларында басшылық лауазымдарында жұмыс атқарды:
ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының кеңесшісі;
ҚР ҰҒА Ғарыш қызметін дамыту департаментінің директоры;
«ҰҒЗТО» АҚ «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЕЖШС директорының орынбасары;
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ғарыш жүйелерін жасау және пайдалану жөніндегі вице-президенті.
2019 жылдан бүгінгі күнге дейін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары – Өндіріс жөніндегі басқарма мүшесі лауазымында жұмыс істеді.
2021 жылдың 13 қыркүйегінен бастап «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ басқарма төрағасы.
Айдын Айымбетов ҚР ұшқыш-ғарышкер, әуе генерал-майоры. Мемлекеттік награда мен құрмет атақтарына ие: «Халық Кахарманы», «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы», «Отан» ордені.