$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.09.2021, 11:03
Жаңалықтар

Жамбылдағы жарылыста қаза тапқан құтқарушылардың отбасына 20 млн теңгеден беріледі

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі айтты 

Жамбылдағы жарылыста қаза тапқан құтқарушылардың отбасына 20 млн теңгеден беріледі
скриншот: видео

Тараздағы жарылыс кезінде қаза тапқан әрбір құтқарушының отбасы 20 миллион теңгеден алады. Оған қоса сақтандыру төлемдері де бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Ералан Бекхожинге «Национальный интерес» бағдарламасының студиясында берген эксклюзивті сұхбатында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин осы жылдың тамыз айының соңында оқ-дәрілер қоймасындағы жарылыстар кезінде қаза тапқан жандардың отбасына берілетін материалдық көмек сомасын айтты.

«Жамбылдағы жарылысқа байланысты Үкімет тарапынан қаза тапқан әрбір отбасына 10 млн теңге аудару туралы шешім қабылданды. 5 млн теңге жергілікті бюджет есебінен төленеді. Біз бір күндік жалақыны жинадық – ерікті түрде тілек білдірген қызметкерлерден арнайы шотқа аударылды. ҚР ТЖМ есебінен 5 млн теңгеден тапсырылады. Сонымен қатар, емдеуді қажет ететін балаларға көмек көрсетіледі. Мемлекет тарапынан бізде міндетті сақтандыру жағдайы бар – бұл дегеніміз қайтыс болған адамның отбасына 60 айлық ақшалай үлес төленеді», - деді ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин.

Серіктес жаңалықтары