КВИ таралуы бойынша тағы бір облыс «жасыл» аймаққа өтті

Автор: Azattyq Rýhy

Өткен тәулікте республика бойынша 2192 адам коронавирус жұқтырған

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 26 қыркүйекте жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қызылорда облысы «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.    

Атап айтқанда:

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола,Қарағанды, Павлодар облыстары;

«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары;

«Жасыл» аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары тұр.

Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 2192 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 877 112 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте тағы 47 адам көз жұмды.