Жалпыкомандалық есепте Қазақстан Ресей мен Түркиядан кейін үшінші орында тұр
15-23 қыркүйек аралығында Түркияның Стамбул қаласында паратаеквондо бойынша IX Еуропа чемпионаты өтті.
Оған 12 мемлекеттен 121 спортшы қатысты. Бұл Париж-2024 паралимпиада ойындарына рейтингтік ұпай беретін алғашқы ірі жарыс болды. Чемпионатта Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиадалық құрама командасы 4 медаль ұтып алды:
1-орын - Мәлік Мұқашев (к41 -80 кг);
1-орын - Кәмиля Досмалова (к44 +75 кг);
3-орын – Нышан Өмірәлі (к44 -80 кг);
3-орын – Нұрлан Домбаев (к44 -80 кг).
Жалпыкомандалық есепте Қазақстан Ресей мен Түркиядан кейін үшінші орын алды.