БҚО тұрғыны «полицей көлігін» ұрлап кеткен

Автор: Azattyq Rýhy

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында 2 сағатқа жетпейтін уақыт ішінде ұры ұсталды

Батыс Қазақстан облысында тұрғын мас күйінде «полицей көлігін» ұрлап кеткен, деп хабарлайды БҚО полиция департаменті баспасөз қызметі.

Оқиға 23 қыркүйек күні Чапаев-Жалпақтал-Казталов жолы бойында болды. Жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында орнатылған патрульдік автокөлік макеті бір түнде жоқ болып кеткен. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында 2 сағатқа жетпейтін уақыт ішінде 1981 жылғы ұры ұсталды. Ұрының мас екені анықталды. 

Қазір ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігіне (ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ оған мас күйінде барғаны үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 608-бабына сәйкес хаттама толтырылды.

Тегтер: