$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.09.2021, 13:23
Жаңалықтар

Қазақстанның вакциналау паспортын таныған елдердің тізімі жарияланды

Вакциналаудың толық компонентін алған қазақстандықтар 11 елге ПТР-тест тапсырмай бара алады

Қазақстанның вакциналау паспортын таныған елдердің тізімі жарияланды
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

ҚР Сыртқы істер министрлігі Грузия, Қырғызстан, Мажарстан, Молдова, Моңғолия, Тайланд және Түркияның уәкілетті органдарымен өзара вакциналау паспортын тану бойынша ноталармен алмасты.

Осылайша, коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның толық компонентін алған Қазақстан және жоғарыда аталған елдердің азаматтары вакциналау паспорты негізінде мемлекеттік шекараларды карантиндік шектеулерсіз (ПТР-тест тапсыру, өзін-өзі оқшалау және т.б.) кесіп өте алады.

Сонымен бірге, Беларусь, Вьетнам, Мысыр және Оман сияқты елдер шетелдік мемлекеттердің вакциналау паспортын біржақты тәртіппен таныды және келушілерге кіру жеңілдетілді. Аталған елдердге бару үшін Қазақстан азаматтарына шеқаралық өткізу пункттерінде COVID-19-ге қарсы вакцина алғанын растайтын құжатты ұсыну жеткілікті.

Қазір Аргентина, Армения, Әзербайжан, Иордания, Индонезия, Марокко, Өзбекстан, Ресей, Филиппиндер және т.б. мемлекеттермен коронавирусқа қарсы вакциналау паспортын өзара тану бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары