$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.09.2021, 12:01
Жаңалықтар

Ыстанбұлға бет алған жолаушылар ұшағы Атырау әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды

Ұшақ бортында 205 жолаушы болған

Ыстанбұлға бет алған жолаушылар ұшағы Атырау әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды
көрнекі фото

23 қыркүйек сағат 21:35-те Елордадан Ыстанбұлға ұшып шыққан Boeing-767 ұшағы техникалық себептерге байланысты Атырау халықаралық әуежайына қонды. Бұл туралы Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметінен хабарланды.

Boeing-767 ұшағының мәжбүрлі түрде қонуына жанар-жағармай жүйесіндегі техникалық ақау себеп болған. Борт Нұр-Сұлтан қалаынан Ыстанбұлға бет алған. Ұшақ Air Astana әуе компаниясына тиесілі.

Ұшақ бортында 205 жолаушы, оның ішінде 5 бала және экипаждың 5 мүшесі болған. Төрт жолаушы Атырау қаласында тұратын туыстарының үйіне барса, 2 жолаушы басқа ұшақпен Нұр-Сұлтан қаласына қайта оралған. Ал қалған 199 жолаушы «Sulo Hotel» қонақ үйіне орналастырылды.

Қазір ұшақты техникалық тұрғыда қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгін сағат 14:00-де Boeing-767 ұшағы Ыстанбұл қаласына ұшып шығады деп жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары