Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 7,4 млн-ға жетті

Автор: Azattyq Rýhy

6,3 млн адам толық иммундаудан өтті

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 7,4 млн-ға жетті, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

2021 жылғы 24 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 7 447 463 адам вакцина салдырды, II компонентпен 6 328 291 адам.

Өңірлер арасынан вакцина алғандар саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр. Мегаполисте 938 мыңнан астам адам екпе алған.