Риддерде жоғалып кеткен 5 жасар бала табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Баланы іздеу жұмысына волонтерлер де көмектесті

фото ашық дереккөзден алынды

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жоғалып кеткен 5 жасар бала табылды, деп хабарлайды ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі.

Бүгін сағат 14:00 шамасында полицияға қоңырау шалған әйел адам ұлының жоғалып кеткенін хабарлаған. 5 жасар бала үйден шығып, сол күйі қайтып оралмаған. Ата-анасы өздері іздегендерімен оны таба алмаған.

«Полиция қызметкерлері бірден жедел-іздестіру шараларына кірісті. Баланы табу үшін волонтерлер де жұмылдырылған. Көп ұзамай жоғалған бала аулалардың бірінен аман-есен табылды. Қазір ол ата-анасына жеткізілді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.