22.09.2021, 17:25
Жаңалықтар
Қазақстандық полицейлер 12 млн теңге тұратын кроссоверлерге міне бастады
Бұл туралы Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланды
Қазақстандық полицейлер құны 12 млн-нан асатын кроссоверлерге міне бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мемлекеттік сатып алу порталында көрсетілген мәліметке жүгінер болсақ, Ақтөбе облысының полиция департаменті 147 млн 480 мың теңгеге 12 автокөлік сатып алып жатыр. Әрқайсысың құны – 12 млн 290 мың теңге.
Техникалық ерекшеліктеріне сүйенер болсақ, бұл полицейлер мініп жүрген Hyundai Tucson көлігінің үшінші буыны емес – жаңа, төртінші буыны. Комплектациясы ең қарапайымы таңдалыпты. Орындығы жылытылмайды, былғары түрі емес, қорабы – механика, төрт дөңгелегі бірдей қозғалады, қозғалтқыш көлемі – 2 л.
Көп оқылған
11.10.2026, 08:37
Подъезде ұйықтап қалған: Ақтауда жасөспірімге қатысты тексеріс басталды
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
11.10.2026, 23:47
«Үш адам қаза тапты»: Қайрат Нұртастың концерті туралы жалған ақпарат таратқан әйел жазаланды