Өткен жылы 30 мыңдай азамат елден кеткен

Автор: Azattyq Rýhy

Соңғы бес жыл ішінде елден кеткендердің ең көбі 2019 жылы тіркелді

Фото: ашық дереккөзден

Өткен жылы 30 мыңдай азамат елден кеткен, деп хабарлайды LS.

2016 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде адамдардың ең көп кетуі 2019 жылы тіркелді – 45,2 мыңнан астам, ал ең азы – пандемия кезінде 2020 жылы (29,1 мың).

Көптеген эмигранттардың жаңа үйі Ресей болды. Екінші орында Германия.

Бұл ретте елден кеткен азаматтардың арасында негізінен техникалық, экономикалық, педагогикалық және медициналық бейіндегі мамандар болды.

Инфографикада Қазақстаннан 2016-2020 жылдар аралығымен, сондай-ақ, 2021 жылдың І жартыжылдығында көшу туралы толығырақ ақпарат берілген.