Жедел-профилактикалыс іс-шараға 591 қызметкерлер жұмылдырылды
Жамбыл облысында полицияға 265 жасөспірім жеткізілді, деп хабарлайды
Жамбыл облысы аумағында қыркүйек айының 13-19 күндері аралығында «Жасөспірім» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Жедел-профилактикалыс іс-шараға 591 қызметкерлер жұмылдырылды, оның ішінде 475 полицей, 67 білім басқарма қызметкері, жергілікті әкімшіліктен және денсаулық сақтау басқармасынан мамандар қатысты.
«Профилактикалық іс-шара барысында ІІО-на 265 жасөспірім жеткізілді, оның ішінде жасөспірімдерді қолдау орталығына – 21 бала орналастырылды. 22 жасөспірім және 14 жағдайы төмен отбасы профилактикалық есепке алынды», – деді ПД ЖПҚБ бастығы Рахымберди Ашкеев.