Апатқа ұшыраған әуе кемесі 23 жыл қолданыста болған

Автор: Azattyq Rýhy

Пайдаланушының қолданыстағы сертификаты "Бек Эйр" АҚ 2019 жылғы 12 қарашада берілді

ҚР ИИДМ Алматы облысында апатқа ұшыраған әуе техникасы туралы ақпаратпен бөлісті.

«Пайдаланушы сертификаты 2019 жылғы 27 желтоқсаннан бастап одан әрі нұсқаулар берілгенге дейін тоқтатылды.  Пайдалануда барлығы  9 Fokker 100 ӘК. ӘК алғаш рет ҚР Азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне 2013 жылғы 3 шілдеде UP-F1007 тіркеу нөмірімен енгізілді», делінген хабарламада. 

UP-F1007 ұшағының шығарылған күні: 1996 жылғы 8 сәуір. Қолданыста 23 жыл болған. Ұшу жарамдылығы туралы сертификат 2019 жылғы 22 мамырда берілген. Оның жарамдылық мерзімі 2020 жылғы 21 мамырға дейін.