19.09.2021, 14:15
Жаңалықтар
Өскеменде ішімдік ішкен тұрғын көлігімен дүкенге соғылды
Оның жүргізуші куәлігі де болмаған
Өскемен қаласының мас тұрғыны көлікпен дүкенге соғылды, деп хабарлайды ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметі.
Жол-көлік оқиғасы 19 қыркүйекте түнгі сағат 01.00 шамасында болған. ВАЗ автокөлігін тізгіндеген 24 жастағы жігіт жол апатына ұшырады. Рульді басқара алмай қалған ол дүкеннің алдына соғылған. Нарколог дәрігердің қорытындысына сәйкес, ер адам жеңіл дәрежеде мас болған. Сондай-ақ қала тұрғынының жүргізуші куәлігі де жоқ болып шықты. Жол апатынан ешкім зардап шекпеді.
Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Көп оқылған
16.10.2026, 10:11
«Бес айлық сәбиді өлтірген»: бір қылмыскерді ұстау үшін Қызылорданың пост-бекеттеріндегі бақылау күшейді
16.10.2026, 12:13
Таиландтан екі чемоданмен есірткі тасыған: Астанада 2006 жылғы қыз бала 16 жылға сотталды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды