Апат себебі әзірге белгісіз
Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясының Цзанкэ өзенінде жолаушылар кемесінің аударылып, сегіз адам қаза тауып, тағы жетеуі із-түзсіз жоғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазір 31 адам құтқарылды. Оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Зардап шеккендер және қаза болғандардың отбасымен психолог мамандар жұмыс істейді. Төтенше жағдайдан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілуде.