Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жасыл Қазақстан» ұлттық бағдарламасы әзірленбек
Олар Шабал Бейсекова көшесінің бойына қарағаш пен шегіршін, емен мен қарағай және терек көшеттерін отырғызды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жасыл Қазақстан» ұлттық бағдарламасы әзірленетін болды және ағаш отырғызу жөнінде белсенді жұмыс жүргізу көзделіп отыр.
Сенаторлар экологиялық проблемаларды шешу және көгалдандыру жұмыстарын заң шығару қызметі аясында ғана емес, сондай-ақ экологиялық шараларға қатыса отырып қолдауы тиіс екенін атап өтті.