Алматыда салынып жатқан метро стансасына Бауыржан Момышұлының есімін беру ұсынылды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы қала әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды

Бақытжан Сағынтаев «Достық» метро стансасына Бауыржан Момышұлының атын беруді ұсынды, деп хабарлайды Azattyq-Ruhy.

Бақытжан Сағынтаев Facebook парақшасында Қала күні қарсаңында мәслихатқа қоғамда резонанс тудырған мәселелерді шешуді ұсынды.

«Қала күні қарсаңында мәслихатқа қоғамда талқыланып жатқан мәселелерді шешуді ұсындым. Бұл Алматы метрополитенінде салынып жатқан екі стансаның атауын өзгертуге қатысты. «Достық» стансасына Бауыржан Момышұлының есімін беру ұсынылады. Болашақта «Западный» автовокзалы аталуы тиіс стансаға «Қарасай» атауы ұсынылмақ», - деп жазды қала әкімі.