Тимофей Скатов алғаш рет Қазақстан біріншілігінің алтын медалін жеңіп алды
Елордада үлкен теннистен ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Әйелдер арасындағы финалдық бәсекеде Гозал Айнатдинова мен Жібек Құламбаева кездескен болатын. 3 сағат 24 минутқа созылған тартысты матчта 5:7, 7:6, 6:3 есебімен Жібек жеңіске жетті.
Ерлер арасындағы ақтық сында алматылық Денис Евсеев пен Тимофей Скатов жолығып, Тимофей өз мансабында алғаш рет Қазақстан біріншілігінің алтын медалін жеңіп алды.