$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.09.2021, 16:44
Жаңалықтар

Мемлекетке 190 млн теңгеден астам залал келтірген ірі ғылыми орталық қызметкерлері сотталды

Орталықтың бас директоры 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Мемлекетке 190 млн теңгеден астам залал келтірген ірі ғылыми орталық қызметкерлері сотталды
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Ақкөл аудандық сотының үкімімен, Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты А. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының бас директорынан бастап ЖШС-ның бөлім маманына дейін бірнеше жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімімен:

  • Орталықтың бас директоры Қ.Абдуллаев (ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы, 16 эпизод) 10 жылға бас бостандығынан айырылды;
  • «Монолит-1» ЖШС директоры С. Сулутаева (ҚР ҚК 28 - бабы 5-бөлігі-189-тармағы, 2-тармағы, 1 эпизод) 8 жылға бас бостандығынан айырылды;
  • Орталықтың мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы Е. Косакова 8 жылға бас бостандығынан айырылды (ҚК 28 бабы 5 бөлігі - 189 бөлігі 4 тармағы, 11 эпизод);
  • Орталықтағы кадр бөлімінің маманы И. Копервас (ҚК 28 - бабы 5-бөлігі 189-бабы 4-тармағы 2-тармағы, 1-бөлім) 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Аталған тұлғалардың барлығы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, орташа қауіпсіз түзеу мекемелерінде жазасын өтеуге сотталған.

Олар 2018-2020 жылдар аралығында аффилиирленген компаниялармен шарттар жасасу жолымен жұмыстар мен қызметтерді іс жүзінде орындамай, сондай-ақ кәсіпорын ғимараттарын ағымдағы жөндеу кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындамау арқылы бюджет қаражатын жүйелі негізде жымқыруда күдіктенген, осылайша мемлекетке аса ірі мөлшерде 190 млн теңгеден астам материалдық залал келтірген.

Серіктес жаңалықтары