Алматы халықаралық әуежайының президенті сайланды

Автор: Azattyq Rýhy

Эркал Кадри Мете әуежай президенті лауазымынан кетті

Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ (Алматы) директорлар кеңесінің шешімімен атқарушы органынның құрамына өзгертулер енгізілді.

Эркал Кадри Мете әуежай президенті лауазымынан шығарылып, орнына АҚ президенті болып Алп Ер Тунга Ерсой тағайындалды.

Еске салайық, 2020 жылдың мамырында Алматы әуежайы түрік компаниясына 415 миллион долларға сатылды. «TAV airport Holding» түрік компаниясы VPE Capital консорциумындағы серіктесімен бірге Алматы халықаралық әуежайының 100% үлесін сатып алу туралы келісімге қол қойды.