$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.09.2021, 02:41
Жаңалықтар

Кәсіпкерлерге бюджеттен 2 трлн теңгеген аса қаражат қайтарылған

Салықтық берешекті өтеу есебі бойынша есепке жатқызуды жүргізген жағдайда салық төлеушінің өтініш ұсынуы талап етілмейді

Кәсіпкерлерге бюджеттен 2 трлн теңгеген аса қаражат қайтарылған
Фото: ашық дереккөзден

2021 жылдың 8 айында заңды тұлғалар 2 трлн теңгеген аса қаражатты бюджеттен қайтарған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Салық органдары салықтар, бюджетке төленетін төлемдер, кедендік төлемдер, өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын салықтық берешекті өтеу есебіне салық төлеушінің өтінішінсіз жатқызады, ал салықтық өтініш бойынша алдағы төлемдер есебіне жатқызады», - деп хабарланды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз хабарламасында.

Демек, салықтық берешекті өтеу есебі бойынша есепке жатқызуды жүргізген жағдайда салық төлеушінің өтініш ұсынуы талап етілмейді.

Биылғы 8 айда:

1) салықтық берешекті өтеу есебі және алдағы төлемдер есебі бойынша:

- заңды тұлғалар бойынша 687,9 млрд теңге сомаға 187 мыңнан астам есепке жатқызу жүргізілген;

- дара кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар бойынша 9 528, 7 млрд теңге сомаға 482 мыңнан аса есепке жатқызу жүргізілген.

2) банк шотына қайтару:

- заңды тұлғалар бойынша 2 201,7 млрд теңге сомаға 51 мың қайтарым жүргізілген;

- дара кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар бойынша 8, 7 млрд теңге 116 мыңнан астам қайтарым жүргізілген.

«Жеке шоттары мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілмейтін бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша әкімшілендіру басқа уәкілетті органдармен жүргізіледі, әрекеттерді жасамауды растайтын және тиісті уәкілетті мемлекеттік орган берген құжаттар негізінде есепке жатқызу мен қайтару жүргізіледі», - деп атап өтті Мемлекеттік кірістер комитетінде.

Сондай-ақ, МКК-де 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтар, бюджетке төленетін төлемдер, кедендік төлемдер, өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын есепке жатқызу және қайтару жүргізудің мерзімдері 10 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылғанын еске салды.

Серіктес жаңалықтары