Головкиннің жекпе-жегі жылдың үздік бестігіне кірді

Автор: Azattyq Rýhy

Британияның Boxing News журналы жылдың ең үздік жекпе-жектерін анықтады

Фото: sports.kz

Бокс туралы жазатын ең ірі басылымдардың бірі, 1909 жылдан бастап шығатын Boxing News журналы 2019 жылдағы кәсіпқой бокстағы үздік он жекпе-жекті атады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі sports.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған тізімде үздік бестікті отандасымыз Геннадий Головкин мен украиналық боксшы Сергей Деревянченконың 5 қазан күні Нью-Йоркте өткен жекпе-жегі түйіндеп тұр.

«Жекпе-жекте екі боксшы да дес бермеді, бірақ судьялар бірауыздан жеңісті Головкинге берді. Осылайша ол орта салмақтағы IBF әлем чемпионы титулын иеленді», - деп жазылған хабарламада.

2019 жылы болған үздік он жекпе-жек: 

1. Наоя Иноуэ — Нонито Донейр

2. Джош Тейлор — Реджис Прогре

3. Энди Руис — Энтони Джошуа

4. Эррол Спенс — Шон Портер

5. Геннадий Головкин — Сергей Деревянченко

6. Хосе Рамирес — Морис Хукер

7. Стивен Уорд — Лиам Конрой

8. Артур Бетербиев — Александр Гвоздик

9. Джулиан Уильямс — Джарретт Херд

10. Роберт Таларек — Патрик Шимански