Денсаулық сақтау министрі тұмауға қарсы екпе салдырды

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгін Қазақстанда маусымдық тұмауға қарсы вакциналау басталды

фото: facebook.com/alexey.tsoy.3/

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тұмауға қарсы вакцина салдырды. Ведомство басшысы былтыр вакцина салдырғаннан кейін суық тиіп ауырмағанын жазды.

«Жыл сайынғы кезекті тұмаудың екпесін салдырдым. Былтыр екпеден кейін суық тиіп ауырған жоқпын. Бүгін Қазақстанда жыл сайынғы тұмауға қарсы вакциналау науқаны басталды. Барлықтарыңызға саулық тілеймін!», - деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.

Бүгін Қазақстанда маусымдық тұмауға қарсы вакцинация басталды. Ол үшін ҚР үкіметі ресейлік вакцинаның 2,5 миллион дозасын сатып алды.