COVID-19: Қазақстанда вакцинаның II компонентін алғандар саны 5,9 млн-нан асты

Автор: Azattyq Rýhy

Вакцина алғандар саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда вакцинаның II компонентін алғандар саны 5,9 млн-нан асты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

2021 жылғы 13 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 7 087 994 адам вакцина салдырды, II компонентпен 5 906 080 адам.

Өңірлер арасынан вакцина салғандар саны бойынша Алматы қаласы мен Түркістан облысы көш бастап тұр.