Коронавирус жұқтырған 1283 адам ауыр жағдайда жатыр
Денсаулық сақтау министрлігі 11 қыркүйектегі коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 59 адам қайтыс болды.
12 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 79 417 адам коронавирус инфекциясынан (–71 112 + және 8 305 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 16 319 пациент стационарда, 63 098 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 1 283 адамның жағдайы ауыр,
- 342 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 190 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 10 қыркүйектегі мәлімет бойынша 270 жаңа жағдай тіркелді, 120 адам жазылып шыққан, 13 адам көз жұмған.
Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:
науқастар саны – 72 742;
өлім жағдайы – 4664;
барлығы 59 773 адам сауығып шықты.