Өрттің шығуына баланың сіріңкемен ойнауы себеп болған
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында сіріңкемен ойнаған бала 30 тонна пішеннің өртенуіне себепкер болды, деп хабарлайды ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.
Өрт бүгін Глубокое ауданы Ушанов ауылында шыққан.
«Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. 30 тонна пішен өртенген. Көп ұзамай өрт сөндірілді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Құтқарушылар өңір жұртшылығына балаларын қараусыз қалдырмауды ескертеді.