БҚО-да мыңға жуық адам КВИ-ге қарсы вакцина алды

Автор: Azattyq Rýhy

БҚО мектептерінде 130 оқушыдан коронавирус анықталған болатын

 

 

 

фото ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында өткен тәулікте 914 адам коронавирус вакцинасының І компонентін салдырды, деп хабарлайды БҚО денсаулық сақтау басқармасы.

Оның 73-і – созылмалы дерті бар адамдар. Сонымен қоса, 23 студент, 10 медицина қызметкері, 8 педагог, құқық қорғау органдарының 4 қызметкері, 5 мемлекеттік қызметші екпе алды.

Вакцинация басталғалы бері облыста барлығы 209 523 адам екпенің бірінші компонентін салдырды. Бұл – вакцинациялауға жататын тұрғындардың 58,2 пайызы. Оған қоса 176 686-сы (49 пайыз) екінші компонентін қабылдады.

«1-5 қыркүйек аралығында облыс бойынша 3 270 адам екпе алды. 6 қыркүйекте вакцина қабылдаушылар саны 1539-ға жетсе, одан кейінгі күндері 1 200 және 1 151 адам екпе алды», - деді басқарма басшысының орынбасары Гүлнар Әбдірахманова.

 


 

 

 

Тегтер: