Қазақстанда онлайн санаққа қатысты негізгі үш платформа қарастырылған
Аndroid платформасына арналған PlayMarket сервисінде «Онлайн перепись населения-2021» мобильді қосымшасы орналастырылды. Осыған қатысты Ұлттық статистика бюросы аталған платформа ресми емес екенін мәлімдейді.
Ұлттық статистика бюросы осы қосымша арқылы санақтан өткен азаматтардың ұсынған бастапқы статистикалық мәліметтерінің құпиялылығы сақталатынына кепілдік бермейтінін айтты.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта респонденттерге санақтан онлайн режимде өтудің бірнеше жолы қарастырылған: SANAQ.GOV.KZ сайты, E-GOV порталында тіркелу және AITU мобильді қосымшасы. Азаматтардың ыңғайлылығы үшін консультанттары бар санақ бұрыштары ұйымдастырылды.
Еске салайық, 1 ұқыркүйектен бастап Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды. Соңғы мәлімет бойынша, онлайн санақтан өткен қазақстандықтар саны миллионнан асты.