Препараттың бұл партиялары Қарағанды фармацевтика кешені мен Гамалея атындағы ғылыми-зерттеу институтында сапа бақылауынан өткен
Алматы мен Шымкентке Қарағанды фармацевтика кешенінде өндірілген Гам-КОВИД-Вак препаратының кезекті партиясы жөнелтілді, деп хабарлайды зауыттың баспасөз қызметі.
Алматының «СК-Фармация» қоймаларына препараттың II компонентінің 19 695 құтысы (1 ЖТ. 5 дозада), Шымкенттегі «СК-Фармация» хабына Гам-КОВИД-Вак II компонентінің 15 529 флаконы жіберілді.
Жарамды мерзімі - 2022 жылдың ақпанына дейін. Жөнелту жұмыстары кешеннің мамандандырылған қоймасынан «СК – Фармация» ЖШС рефрижератор-тасымалдаушыларына тиеу суық тізбектің талаптарын (температура -35 градустан кем емес) қатаң сақтай отырып жүргізілді.