БҚО-да автокөлік жанып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр

Батыс Қазақстан облысында жанар-жағар май стансасы маңында автокөлік жанып кетті, деп хабарлайды БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға Ақсай қаласында Қарашығанақ мұнайгаз конденсаты кенішіне кіреберістің бірінде «Нэфтек» жанар-жағар май құю стансасы ауданында болды. Сағат 12.48-де Daeoo Nexiа автокөлігінің өртеніп жатқаны жөнінде хабар түскен.

Өрт сағат 12.57-де «Өрт сөндіруші» АҚ БҚО филиалы 33-өрт сөндіру бөлімінің күшімен (7 адам, 1 техника) сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, автокөлік иесі, кінәлі адамдар, келтірілген шығын анықталып жатыр.