ПТР сынамасы теріс немесе бейтарап мәртебесі бар тұрғындар мемлекеттік қызметтерді кезексіз алады
Маңғыстауда карантин талаптары күшейтілді, деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.
Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Маңғыстау облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы» 2021 жылғы 27 тамыздағы №19 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Облыстың бас санитарының қаулысына сәйкес, өңірде халыққа қызмет көрсету орталықтары 5 күндік жұмыс кестесіне ауысты.
Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін адам қабылдайды. Ал сенбі, жексенбі күндері орталықтар жабық болады.