Президенттік жастар кадр резервіне екінші рет іріктеу жүріп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл жоба жас қазақстандықтарға өз білімін ел үшін жұмсауға мүмкіндік береді

 

фото ашық дереккөзден алынды

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Президенттік жастар кадр резервіне екінші рет іріктеу жүріп жатыр. Оның қорытындысы бойынша 50 адам іріктеліп алынады, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі.

Резервке алынғандар саяси қызметке, «А» корпусының әкімшілік қызметіне, «Б» корпусының басшылық қызметтеріне және «Б» корпусының А деңгейіндегі қызметтерге тағайындала алады.

Резервке алыну үшін үміткерлер бірнеше кезеңнен өтеді, соның ішінде:

- үміткерлердің құжаттарын қабылдау;

- күрделі сандық және мәтіндік ақпаратттармен жұмыс істеу қабілетіне баға беру;

- ситуациялық тапсырманы шешу;

- құзыретіне баға беру;

- Сараптама комиссиясында әңгімелесуден өту;

- ҚР Президенті жанындағы жастар кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия отырысы.

Құжат қабылдау 2021 жылдың 1-30 қыркүйегі аралығында болады.

Конкурстың ережелері мен талаптары pkrezerv.gov.kz сайтында жарияланған.