Ол әр жылдары БҚО, Атырау облыстарын басқарған
Бүгін Мемлекет басшысының жарлығымен Маңғыстау облысының әкімі болып Нұрлан Асқарұлы Ноғаев тағайындалды.
Н.Ноғаев еңбек жолын Ақтөбе облысы, Қандыағаш станциясында электр шебері болып бастаған.
1993-1995 ж.ж. - Мәскеу қаласындағы «Гили- Паскер» ЖШС-ында мұнай өнімдері жөніндегі аға сарапшы, бөлім бастығы, бас директор;
1995-1996 ж.ж. - Алматы қаласындағы «Отрар Лтд» шағын кәсіпорны бас директорының орынбасары.
1996-2006 ж.ж – «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-ында маркетинг жөніндегі инженер, мұнай және мұнай өнімдерін сату, маркетинг бөлімінің бастығы, бас директор;
2006 жылдың ақпан айынан бастап «ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы» АҚ-ның атқарушы директоры;
2006 жылдың тамыз айынан ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мұнай өнеркәсібі департаментінің директоры болып істеген;
2007 жылдың қыркүйегінен 2010 жылдың сәуір айына дейін - облыс әкімінің орынбасары;
2010 жылдың сәуір айынан 2012 жылдың қаңтарына дейін - облыс әкімінің бірінші орынбасары;
2012 жылдың 20 қаңтарынан 2016 жылдың 26 наурызына дейін Батыс Қазақстан облысының әкімі;
2016 жылдың 26 наурызынан 2019 жылдың 18 желтоқсанына дейін Атырау облысының әкімі;
2019 жылдың 18 желтоқсанынан бастап 2021 жылдың 7 қыркүйегіне дейін Энергетика министрі болды.
Еске салайық, 2019 жылдың маусымынан бастап Маңғыстау облысын Серікбай Трұмов басқарды.