Жер сілкінісінің ошағы 354 шақырым қашықтықта орналасқан
Алматыдан оңтүстікке қарай 354 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында жер сілкінісі болды.
«Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 6 қыркүйек Алматы уақытымен 21 сағат 00 минутта жерасты дүмпуін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы 354 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.1. Магнитудасы –3,8. Жерасты дүмпуі 20 шақырым тереңдікте болған.