Әлем Кубогінің кезеңі Копер қаласында болып жатыр
Словенияның Копер қаласында спорттық гимнастикадан ерлер мен әйелдер арасында әлем Кубогінің кезеңі өтіп жатыр. Аталмыш додаға қазақстандық спортшылар да қатысып жатыр деп хабарлайды Olympic.kz.
Екінші күннің іріктеу сайыстарынан кейін спортшы Фарух Нәбиев жаттығулар бойынша 6-орын иеленіп, финалға жолдама алды.
Әйелдер арасындағы жарыста Аида Бауыржанова еркін жаттығулардан 3-орын алып, ақтық сында өнер көрсетуге мүмкіндік алды.