Жапония үкімет бұл шешімді дүйсенбі күні ресми түрде жарияламақшы
Жапония биылғы жылдың желтоқсан айына қарай жергілікті тұрғындар үшін сандық вакцинация төлқұжатын енгізбекші деп хабарлайды Nikkei газеті.
Бұл жүйені енгізуді Министрлер кабинеті жанындағы жаңа цифрландыру басқармасы айналысады. Олар жұмысын 1 қыркүйекте бастады.
Сандық төлқұжаттар бірінші кезекте шетелге саяхат кезінде қолданылмақшы. Билік шілде айының соңында коронавирусқа қарсы екпе алған жергілікті тұрғындардан арнайы вакцинация төлқұжатын алуға өтінімдерді қабылдауды бастады. Жапон бизнес қауымдастығы (Кэйданрэн) маусым айында билікке елде электронды вакцинация төлқұжатын енгізуге ұсыныс жасады. Ұйым бұл коронавирустың таралуын болдырмау және қоғамның әлеуметтік-экономикалық белсенділігін тез қалпына келтіру үшін қажет деп санайды.