Бүгін Паралимпиада ойындары аяқталады

Паралимпиада ойындарына 162 ел мен аймақтан 4400-ге жуық спортшы, босқындардың шағын тобы қатысты

фото ашық дереккөзден алынды

5 қыркүйек кешке Токиода Паралимпиада ойындары аяқталады деп хабарлайды Kyodo агенттігі.

Жабылу салтанаты бос орындар алдында өтеді, оған тек белгілі шенеуніктер мен жоғары лауазымды тұлғалар, соның ішінде Жапонияның мұрагер ханзадасы Фумихито және Токио губернаторы Юрико Койке қатысады.

Жабылу салтанатында Паралимпиада жалауы Франция астанасындағы 2024 жылғы Жазғы ойындардың өкілі ретінде Париж мэрі Анна Идальгоға табысталады.

«Менің ойымша, бұл сенсациялық жарыс болды. Бәсеке керемет болды, кез келген спорт түрінен әлемдік рекордтар жаңартылды», - деді Халықаралық паралимпиада комитетінің президенті Эндрю Парсонс.

Паралимпиада ойындарында 22 спорт түрінен 539 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Жарысқа алғаш рет таэквондо мен бадминтон қосылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.