Допинг дауы: Ресей халықаралық сотқа шағымданбақ

Автор: Azattyq Rýhy

Ресей Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің шешімімен келіспейтінін мәлімдеді

Фото: 24.kz

Ресей Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің шешімімен келіспегендіктен, сотқа шағымдануға ниетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Ресей Олимпиада комитетінің басшысы Станислав Поздняков мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресейдің допингке қарсы агенттігі көп ұзатпай халықаралық ұйымға ресми хат жолдамақ. Одан кейін Лозаннадағы арбитраждық сотқа шағымдануы мүмкін. 

Еске сала кетейік, желтоқсанның 9-ы күні Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік Мәскеу зертханасының мәліметтерді бұрмалауына байланысты Ресейді халықаралық жарыстардан 4 жылға шеттеткен болатын.

Тегтер: