Өрттен зардап шеккендер жоқ, оқу процесі жалғасуда
Бүгін таңғы сағат 09:04-те Өрт сөндіру қызметіне Байқоңыр ауданы Иманбаева 4 мекенжайында орналасқан № 54 мектеп-лицейінде өрт шыққаны жайлы хабар түсті. Өрт сөндірушілер келген кезде кіре берістегі 1 қабаттағы төбе жабындысының бықсып жанып жатқаны анықталды.
ТЖД қызметкерлері өртті 15 минут ішінде сөндірді. Өрт аумағы 8 шаршы метрді құрады. Оқушылар өрт сөндірушелер келгенше эвакуацияланған. Өрттен зардап шеккендер жоқ, оқу процесі жалғасуда. Бұл жағдайға байланысты Өрт сөндіру қызметінен 8 қызметкер және 4 бірлік техника жұмылдырылды.