Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 117 адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта ауруханада жатқан 481 науқастың жағдайы өте ауыр

1 қыркүйекте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 117 адам қайтыс болды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Оның 96-сы COVID-19 вирусынан, 21-і пневмониядан қайтқан.

3 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 99 675 адам коронавирус инфекциясынан (–92 369 + және 7 306 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 21 714 пациент стационарда, 77 961 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

1 547 адамның жағдайы ауыр,

481 пациенттің жағдайы өте ауыр,

255 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.