Байзақ ауданы аумағында төтенше жағдай жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың Байзақ ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешімі шықты.

Төтенше жағдайды жою басшысы болып Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Т.Мамаев тағайындалды және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылды.

Естеріңізге салайық, 26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болды. Нәтижесінде жалпы саны 15 адам қаза тауып, 100 шақты адам жарақат алды.

Қаза тапқандардың жартысы әскерилер болса, қалғаны - өрт сөндірушілер.