Тректегі велоспорттан қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатына қатысады

Автор: Azattyq Rýhy

Әлем чемпионаты 1-5 қыркүйек күндері өтеді

 

Тректегі велоспорттан Қазақстан құрамасы жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысу үшін Каирға аттанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жас велошабандоздар арасындағы дүниежүзілік біріншілікке Қазақстан сапынан бес спортшы қатысады. Әлем чемпионаты 1-5 қыркүйек күндері өтетін болады.

Қазақстан құрама командасында Кирилл Курдиди, Данил Остренков, Мирас Алпатов, Тимур Шалесный және Юлия Голубкова бар.