Тоқаевтың жолдауын телеарналар тікелей эфирде көрсетеді

Автор: Azattyq Rýhy

Негізгі радиостанциялар тікелей толқында таратады

Фото: akorda.kz

Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі жолдауын жариялайды. Жолдауды республикалық телеарналар тікелей эфир арқылы көрсетіп, негізгі радиостанциялар тікелей толқында таратады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева хабарлады.

1 қыркүйек күні сағат 11:00-де Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасайды.

Жолдауда елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтылады.