Коронавирус: актриса Венера Нығматулина жағдайы түзелгенін айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Актриса өзін аман алып қалған медицина қызметкерлеріне алғысын жеткізді

Қазақстандық көрерменге «Перекресток» телесериалымен таныс Венера Нығматулина коронавирус инфекциясын жұқтырып, өкпені жасанды желдеткіш аппаратына қосылған хәлдегі фотосуретін жариялады.

«Міне, ең жаман сәт осымен артта қалды деп үміттенемін. Мен жазылып келемін. Ең қиын сәтте жақындарыңыздың қолдауымен індеттің ауырлығын сезінбеуге болады! Олардың қолдауынсыз қалай аман қалар едім?! Жақындарыма рахмет! Осындай қиын уақытта мені қолдағаныңыз үшін көп рахмет! Директор Ұлықбек Медеубековке және менің аман қалуым үшін қолынан келгеннің бәрін жасаған Орталық қалалық клиникалық аурухана ұжымына мың алғыс! Өмір неткен тамаша еді!» - деп жазды актриса.

59 жастағы халықтың сүйіктісіне желі пайдаланушылары тезірек сауығып кетуді тіледі.