Республикамыздың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады
Синоптиктер 28 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан аумағының басым бөлігінде әліде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Республика бойынша жел күшейіп, солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында бұршақ жауады», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында, Алматы облысының таулы және тау бөктері аудандарында найзағай ойнайды, Жамбыл облысында бұршақ жауады, найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола облысында таңертең және күндіз солтүстігінде, солтүстік-шығысында найзағай ойнайды, бұршақ жауады, найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Ақтөбе облысының шығысында найзағай ойнайды.
Қостанай облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл соғады, түнде облыстың солтүстігінде жел күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-23 м/с жел күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауып, дауыл соғады, түнде және таңертең оңтүстігінде тұман түседі, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар облысының солтүстігінде найзағай ойнайды, найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Алматы, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.